Главная страница
qrcode

2 д ріс. Прокариоттарды морфологиясы ж не рылымы Микроорганизмдер к бінесе бір клеткалы, те са , жай к зге к рінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрді мы нан бір б лігі микронмен лшенеді


Скачать 24,59 Kb.
Название2 д ріс. Прокариоттарды морфологиясы ж не рылымы Микроорганизмдер к бінесе бір клеткалы, те са , жай к зге к рінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрді мы нан бір б лігі микронмен лшенеді
Дата14.10.2020
Размер24,59 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаumkdfile(23581).docx
ТипДокументы
#112853
Каталог

2 дәріс. Прокариоттардың морфологиясы және құрылымы


Микроорганизмдер — көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бір бөлігі — микронмен өлшенеді. Бүлардың құрлысын, сыртқы пішінін және қоғалысын зерттеу үшін кем дегевде 400—500 есе үлкейтетін аршулы аспап — микроскоп қолданылады. Қазір мамандар 800—1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микро-скоптарды пайдаланады. Ал жай микроскоптармен көруге болмайтын вирустарды ғалымдар бірнеше он мыңдаған есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоптармензерттеп жүр. Микробиологияда қазір люминесценттік микроскоптар да кеңінен қолданылады. Әдетте кейбір заттароларға түскен сәуленің әсерінен үзындығы басқаша сәуле толқынын шашыратып шығарады.Ал микроорганизмдерклетканың мүндай қабілеттілігі нашар. Сондықтан оларды алдыналатүрлі флюрохромдармен бояйды. Сонда боялған микроорганизмдерді люминесцентгік микроскоптар­мен тірі күйінде оңай зерттеуге болады.Микроорганизм­дер бір жерге топталғанда ғана оларды жай көзбен көруге болады. Бүларды колониялар деп атайды. Кейде осы колониялардан бактериялардың қай топқа жататынын едәуір нақты анықтауға болады. Егер түрлі сүйық затгарда, мәселен, пішен тұнбасында, сорпада микроорганизмдер кездесетін болса, онда бүл заттар лайланған тәрізденіп, түстері өзгереді. Микроорганизмдердің ұсақтыгы соншалық, мың микробты бір сызық бойына орналастырсақ, не бары бір миллиметр ғана болар еді, ал бір метрлік ұзындықты толтыру үшін бүлардың миллион, тіпті одан да көбірегін тізбектеп тізу қажет. Батпақты жерден алынған бір грамм лас судагы микробтардың саны бүкіл жер шарындағы жануарлар мен қүстардың санынан асып түседі.

Әлемде көп клеткалы және бір клеткалы микроорганизмдерден басқа клеткалық қүрылымы жоқ тіршілік иелері — вирустар мен бактериофагтар болатыны жоғары-да айтылған. Соңғы жылдары осы организмдерді зерттеуде электрондық микроскоптардың көмегімен бірқатар бағалы деректер алынды.

Өздерінің сыртқы түріне, тіршілік ету жағдайларына қарай микроорганизмдерді мынадай топтарға бөледі: бактериялар, микроскоптық саңырауқүлақтар, актиномицеттер, балдырлар, қарапайымдар және ультрамикробтар. Эр топтағы микроорганизмдер өздерінің белгілі бір қасиеттері мен атқаратын қызметіне қарай өз алдына бүдан да кішірек тармақтарға бөлінеді. Бүлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз.

Бактериялар

Сыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер — коккалар, таяқша тәрізділер — бактериялар, бацилдар және спираль тәрізділер — вибриондар, спириллалар. Шар тәрізді бактериялардың жеке-жеке түрлері коккалар делінсе, екі-екіден қосақталған түрлері — диплококкалар, өзара тіркескен, моншақ тәрізделгендері — стрептококкалар, төрт-төрттен тіркескендері — тетракоккалар, сегіз-сегізден текшеленгендері — сарциналар делінеді. Ал олардың стафилакокка-лар деп аталатьш бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне үқсайды.

Таяқша тәрізді бактериялар үзындығына, диаметріне, клеткалар үшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топтарга бөлінеді. Спора түзуші топтарын — ба-циллалар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды клеткаларының орналасу тәртібійе қарай бірнеше топтарга бөледі: диплобациллалар немесе диплобактериялар — екі-екіден қосақтала орна-ласқан таяқша тәрізді бактериялар. Стрептобактериялар— моншак тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді баклар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым үқсас таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды. Спора түзетін клет-калары тізбектеле орналасқавдарын стрептобациллалар деп атайды.

Бактериялардың спираль тәрізділері екі тармаққа бөлінеді, олардың бірі вибриондар — үтір тәріздес, екіншісіспириллалар— бұйралана орналасқан таяқша бактериялар. Соңғы топқа ауру қоздырғыш спирохета бактериялары жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар аралығында орналасады.Айтылып өткен бір клеткалы бактериялармен қатар табиғатта көп клеткалы бір үшымен белгілі бір жерге бекіген немесе бос күйінде суда жүзіп жүретін жіп тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Бұларға күкірт және темір бактериялары жатады. Жанама бүтақшалары бар таяқша немесе жіп тәрізді бактерияларды микобактериялар тобына жатқызады. Бүларға өкіл ретінде өкпе ауруын қоздырғыш туберкулез таяқшаларын атап өтуге болады. Сонымен қатар табиғатта клеткаларының қүрлысы және пішіні күрделі, сыртын шырыш басқан миксобактериялар класы да бар.

Бактериялардың мөлшері. Көптеген шар тәрізді бакте­риялар клеткаларының диаметрі 1—2 микронга тең (мик­рон — миллиметрдің мыңнан бір бөлігі). Жүмыр клеткалы бактериялардың үзындығы 1—4 микронға ені 0,5—1 мик­ронга дейін барады. Сондықтан да судың бір тамшысында бірнеше жүздеген миллион микробтар кездеседі. Кейбір бактериялар мөлшері едәуір болады дедік. Мәселен, күкірт бактериясы клеткасының көлденең кесіндісінің диаметрі 50 микронға тең. Бактериялардың үш тобының ішінен мөлшері түрақтысы коқкалар, ал таяқша тәрізді бактерия­лар өзгергіш келеді. Кейбір бактериялардың мөлшерін төмендегі кестеден байқауға болады.

Табиғатта микроорганизмдердің өте ұсақ тобы — ультрамикробтар да кездеседі. Миқроорганизмдердің бүл тобының ішінен бактериофагтар, сузілуші вирустардың адам өмірінде зор маңызы бар. Вирустар-дың шамасы миллиметрдің миллиондаған бөлігіне тең, яғни оларды миллимикрондармен немесе микромикрондармен өлшейді. Бактериялардың сіңіру беті зор. Сондықтан да олар өздеріне қажетті қоректік заттарды тез арада өндіріп ала алады. Органикалық қалдықтарды тез ыдыратудың арқасында, бактериялар олардан өздеріне қажетті энергияны аз уақыт ішінде босата алады.

Бактерия клеткаларының құрлысы. Қүрлысы жағынан алғанда бактерия клеткалары өте қарапайым. Ол сыртқы қабықшадан әр түрлі заттары бар цитоплазмадан, вакуолядан және ядродан қүралады. Клетканың қабықшасы шырышты затқа толы болады. Қабықша клетканың негізгі бөлігіне жатпайды, белгілі орта жағдайында байланысты ғана пайда болады. Мәселен, клетканың шы­рыш қабықшасы кейде оған өте төменгі немесе жоғары температура әсер еткенде пайда болады да, клетканы қүрғаудан және басқада зиянды заттардың әсерінен қорғайды. Қанты мол ортада шырыш қабықшасы қалыңдап, клетканың сыртына капсула түзеді. Шырыш қабықшаның молдығынан кейде ол бактериялар тіршілік етіп түрған ортаға да бөлінеді. Мүны зооглея деп атай­ды. Сүттен түрлі тағамдар даярлайтын заводтарда зооглеялар байқалатын болса, онда тағам бүзылып, шырыштанып, түтқыр күйге көшеді. Дәл осындай капсула кейбір азот бактерияларында да бар. Клетка қабықшасын түрлі ферменттер (лизоцим), ультрадыбыспен, өте жіңішке ине немесе басқа да сол сияқты заттармен бүзуға болады. Сонда цитоплазмалық мембранамен қоршалған цитоплазманың пішіні шар тәрізді болып көрінеді. Сөйтіп, клетка оның белгілі бір пішінін көрсетеді.

Клетка қабықшасының қалыңдығы 0,01-ден 0,04 мкм-ге және бактерия клеткасының қүрғақ затының 20 процентіне тең. Бактерия клеткасының Грам әдісімен боялуыда осы клетка қабықшасына байланысты. Бүл үшін бактерия клеткасын алдымен өңдейді, содан рң спиртпен әсер еткенде кейбір бактериялар клеткасы түссізденеді де, қалғандары күлгін көк түске боялады. Боялғандарын Грам-оң, боялмағандарын Грам — теріс клетка деп атайды.. Жалпы бактерия клеткаларының қабықша қүрамы мен жоғары сатыдағьі өсімдіктер клеткаларының қабықщасьш салыстырғанда айырмашылық бар. Өсімдік клеткасының қабықшасы азртснз. кант текті — полисахаридтердең„және май текті — липидтреден түрады. Кейде қабықша хитин деп аталатьш азотты здт та кездеседі.

Цитоплазма. Химиялық қүрамы өте күрделі, қоймал-жың келген мөлдір зат. Оның қүрамында белок, май, су, түрлі минерал заттар және ферменттер болады. Жас бак­терия клеткаларында цитоплазма бүкіл клетканы алып жатады. Ал ересектерінде клетка шырынына толы қуыстар —вакуолялар болады.

Цитоплазма — тірі материя. Ол өзгеріп, жаңарып отырады. Онда тірі организмге тән ассимиляция және дисси­миляция құблыстары жүріп жатады. Цитоплазма сыртқы орта әсеріне өте сезімтал. 60° және одан да жоғары температурада цитоплазма ұйиды. Қышқылдар мен сілтілер және түрлі улы заттар оған өте зиянды эсер етеді.

Прокариот организмдер жүйелері

Микроорганизмдер көне заманнан бері тіршілік етіп келе жатқан жер бетіндегі тірі организмдер өкілі. Олар үш миллиард жыл бүрын пайда болған дегенболжамдар бар.

Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалыорганизмдер. Олардың клеткасықоршаған ортадан клетка кабығы арқылы оқшауланған. Кейде қабық қызметін цитаплазматикалык мембрана атқарады. Цитоплазмада тіршілікке кажетті органоидтар орналасқан.Жалпы клеткақұрлымына қатысты организмдерді екі үлкен топка бөлуге болады. Олар эукариоттар және прокариоттар. Нагыз ядросы бар микроорганизмдерді эукариоттар (эу — гректің — нагыз, ал карло —ядро деген сөз), ал клеткасында қарапайым ядросы бар организмдерді прокариоттар деп атайды.

Эукариоттарға саңырауқүлақтар, балдырлар және қарапайымдылар жатады. Клетка қүрлымы жағынан алғанда бүлар өсімдіктер мен жануарларға тым үқсас. Ал бактериялар мен көк жасыл балдырларпрокариоттарғажатады. Олардың коректенуі бір типтес, бір-біріне өте үқсас және олардың арасында сап­рофит және паразит топтары да кездеседі. Осыған бай­ланыстымикроорганизмдерәлемі өз алдына жеке қарастырылады.

Бірқатар зерттеушілер микроорганизмдерді ең алғаш пайда болған тірі денелер десе, ал еңді біреулері бұларданда бұрын клеткалық пішіні жоқ организмдертіршілік еткен дегенді айтады.

Жоғары сатыдағы организмдерклассификациясы белгілі бір дәрежеде олардың эволюциялык байланысын қамтитын болса, осындай негізде прокариоттар, яғни мик­роорганизмдерклассификациясын жасау едәуір қиындықтар келтірді.
перейти в каталог файлов


связь с админом