Главная страница
qrcode

январь ис шара. Бастауыш сынып о ушыларыны орта буында ы о у а дайынды де гейін аны тау диагностикасы


Скачать 42,92 Kb.
НазваниеБастауыш сынып о ушыларыны орта буында ы о у а дайынды де гейін аны тау диагностикасы
Дата09.01.2020
Размер42,92 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаянварь ис шара.docx
ТипДокументы
#109983
Каталог

Бастауыш сынып оқушыларының

орта буындағы оқуға дайындық деңгейін анықтау диагностикасы.

4,5-сынып

: орта буынға өтуге дайындық дәрежесінің кейбір жақтарын бағалай алатындай деңгейді анықтау.

Мынандай жақтарын бағалауға болады:

балалардың мектепке деген көзқарастары;

оқушылардың жеке бастарының бір - бірімен қатынас жүйесіндегі жағдайлары, ұйымшылдықтары;

өзін-өзі бағалауы, ынтасы, қызығушылығы, үрей деңгейі;

оқу ісінің бірқатар компоненттері;

дамудың өзекті деңгейін, жеке бастарының ерекшеліктерін, кейбір оқушылардың қыйындықтарын, проблемаларын анықтау;
Балалардың мектепке деген көзқарастарын төмендегідей сауалнамалармен анықтауға болады:

Мектепте ең маңызды не деп ойлайсың ?

Жұманың ішіндегі қай күнді жақсы көресің ?

Мектепте ең қызықты не ?

Бос уақытыңда немен шұғылданғың келеді ?

Егер сенің таңдау мүмкіншілігің болса, қазір қай сыныпта оқығың келер еді, 1-ме әлде 4-ме ?

Сенің ең жақсы көретін сабақтарың қандай ?

Сен үшін мектепте ең жаманы не ?

Қалай оқып жүрсің ?

Сабақ үлгерімі бойынша сен қандай оқушы болғың келеді ?

5-сыныпта кіммен отырғың келеді ?

5-сыныпта қандай қоғамдық жұмыс атқарғың келеді ?

Өз денсаулығыңды қалай бағалайсың ?
Сынып оқушылырының қарым – қатынастарын анықтау үшін «Ракета» социометриясын пайдалануға болады (барлық бөлімдерді біріктіріп, бір сағатта, бір тақырып ретінде өткізу мүмкіндігі қарастырылған):

Балалар сендердің басқа планетаға ұшқыларың келеме ?

Қараңдар, қазір барлығымыз мына зымыранмен (ракетамен) ғарышқа ұшамыз (тақтада ракетаның суреті). Бұл зымыранның үш иллюминаторы бар екен: 1- иллюминаторда командир, 2-де командирдің 4 көмекшісі, 3-де жолаушылар отырады (иллюминатрларды салады).

Енді ұшу үшін біз тек қана өзіміздің сыныптан бір командир сайлап, оның фамилиясымен атын өз дәптерімізге жазып қоялық.

Оған төрт көмекші тағайындап олардың да аты - жөндерін жазайық.

Келесі жаттығу ұйымшылдықтарын анықтауға мүмкіндік береді:

3. Кіммен ұшасың, соны мынандай белгілермен белгілейік:

Барлығымыз –
Тобымызбен –
Екеуіміз –
Жалғыз –
Келесі жаттығу оқушының үрей деңгейін анықтауға арналады:

4.Ұшып келдік. Сол планетада бІр көшенің бойында 7 үй бар екен (тақтаға суреті салынады), №1-үйде мұғалімдерің тұрады (үйдің ішінде мұғалімнің инициалдары жазылады), ал әркім өзіне бір үйді таңдап алып , «мен» деп жазып қойыңдар.
Келесі жаттығу оқуға деген ынтылырын анықтауға арналады:

5.Ол жердеде мектеп бар екен, жерге қайтқанша сол мектепте оқығың келе ме? Ия - «+»

Жоқ – «-»
Келесі жаттығу ұйымшылдықтарын анықтауға мүмкіндік береді:

6. Кіммен оқығың келеді? ( , , , )
Келесі жаттығу пәндерге деген қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді:

7. Әркім өзіне қалауы бойынша апталық сабақ кестесін жасайды (тақтаға осы сыныпта өтетін пән аттары түгел жазылады).
Өз-өзін бағалауын байқайық:

8. Қазір биіктігі 10 клетка етіп 3 «градусник» салайық (ортасы – 0, төменгі жағы «минус» - теріс, жоғарғы жағы «плюс» -оң бағалар). Менімен бірге салыңдар (тақтада көрсетіледі).

- Жалпы өзіңді қандай оқушымын деп бағалайсың, оны 1- градусниктің бойынан көрсетейік. Х – таңбасымен белгілейміз.

- Өзіңді қандай доспын деп бағалайсың, оны 2-градусниктің бойынан көрсет.

- Өзіңді әке-шешеңнің қандай баласымын деп ойлайсың, оны 3-градусниктің бойынан көрсет.
Есте сақтау қабілет деңгейін анықтауға:

1.Қысқа есте сақтауды зерттеу үшін «10 сөз» әдістемесін пайдаланамыз. Берілетін нұсқауы:

- Мен сендерге қазір 10 баланың атын оқыймын. Ал сендер оны есте сақтап, оқып болғаннан кейін жазасыңдар. Орналасу ретін сақтау міндетті емес.

Ұсынылатын сөздердің жиыны:

а)Анара, Болат, Қанат, Максим, Руслан, Дима, Вероника, Жасмин, Динара, Айгүл.

б) алма, қалам, үйрек, найзағай, кітап, бақша, ыдыс, піл, қол, терезе.

Қысқа есте сақтау қабілет көлемі нормадағы деңгейде болған уақытта оқушы 6 сөзден кем жазбауы тиісті.

2. Мағнасы бойынша есте сақтау. «Сөз жұптары» әдістемесі. Берілетін нұсқауы:

- Қазір мен сендерге 10 жұп сөз оқыймын, ол сөз жұптары бір бірімен мағналары арқылы байланыста, сендер дұрыстап тыңдап отырыңдар. Болғаннан кейін мен бірінші жартысын оқыймын, ал сендер екінші жартысын естеріңе түсіріп дәптерге жазасыңдар. Мысалы «қалам – дәптер», байланысты ма? Екінші рет оқығанда мен «қалам» деймін, ал сендер «дәптер» деп жұбын жазасыңдар.

Ұсынылатын сөз жұптары:

Мектеп –оқушы

Аю – тоғай

Көпір - өзен

Сағат – уақыт

Су - шелек

Үстел – тамақ

Тақта – бор

Күз - жапырақ

Дүкен – орамал

Автобус – жолаушы
Егер 10 жұп сөздің 6 сы дұрыс жазылса, оқушының мағнасы бойынша есте сақтауы қанағаттанарлық деңгейде деуге болады.

Сағаттың соңында «Балалар біз сендермен бүгін басқа планетаға сапарға шығығп ондағы инопланетяндардың өмірін көрдік солар сияқты өзіміз сабақ кестесін жасап, өзімізді бағалап, есте ақтау қабілетімізді тексеріп байқадық. Енді жерге оралайық.

Релаксация жаттығуы: Көзімізді жұмып мұрнымызбен терең дем аламыз да аузымызбен шарашағанымызды сыртқа шығарамыз (2-рет). Барлығымыз зымыранға отырдық. Планета иелеріне қол бұлғадық. Біз зымыранмен (ракетамен) ұшып шықтық. Аспанда жұлдыздар жарқырып бізге жақсылық тілеп тұр. Жерге жақындадық (пауза), қондық. Сендерді ата-аналарың, жақын дос - жарандарың қарсы алып тұр. Олар өте қуанышты. Бізде қуаныштымыз. Сәлем саған туған жер!

Бір - е кі, көзімізді ашамыз.

Сапарымыз ұнады ма?
2-сағат

Ойлаудың логикалық операциясын игеру дәрежесін анықтауға бағытталған әдістемелер.

1.Негізгі ойды айыра білу. (2-3 минут)

Нұсқау: Жақшаның ішінде 5 сөз және жақшаның алдында бір сөз берілген. Жақшаның ішіндегі сөздердің қайсысы жақшаның алдындағы сөзбен негізгі байланыста болып тұр , сол 2 сөзді тауып астын сызыңдар.

Мысалы: Бақ (
Куб (
Оқу (
Ойын (шахмат, 
Спорт (медаль, оркестр, 
Соғыс (аэроплан,зеңбірек, 
2.Салыстыру.Берілген екі сөзді салыстырып бағанның сол жағына ұқсастықтарын, оң жағына айырмашылықтарын жаз (1 жұп сөзге 4минут беріледі).

Кітап – дәптер

3. Классификация. Берілген екі сөздің ортақ қандай байланысы бар соны анықта. Қатарына жаз (3-4минут). 5жұп сөз беріледі:
Жаңбыр – бұршақ

Тарих – табиғаттану

Сатқындық – қорқақтық

Мектеп – мұғалім

Қосынды – көбейтінді

4. Қорытындылау. Қорытындылай алу икемділіктерімен, ұғымдарды салыстыра алу дағдысын байқау (5тапсырма – 3минут).

Нұсқау: Берілген 5 сөздің 4-еуі ортақ бір мағнамен байланысты, ал 5-сөздің байланысы жоқ. Сол сөзді тауып сызып тастаңдар.

жаңбыр, қар, 
үшбұрыш, кесінді, ұзындық, квадрат, 
үтір, нүкте, қоснүкте,сызықша, 
Асан, Мирас, 
сүт, ірімшік, қаймақ, 5. Анаграмма. Ілімдік сараптама жасау қабілеттерін анықтау.

Нұсқау: Адасқан әріптерді орындарына қойып, жасырынған сөздерді тап.

А) ШАЛА Ә) ҚААБ Б) ТАНАСА В) ЯНОҚ Г) ДЫҚНЫРО

(алша) (бақа) (Астана) (қоян) (орындық)

Д) ДИТЕРК

(кредит)

Оқушылар қорытынды бойынша екіге бөлінеді.

1-топ - әр тапсырманы жаңа есеп шешкендей шешеді. Олар ілімдік сараптама жасай алмайтын балалар.

2-топ – ортақ заңдылықты түсініп, жауабын тез табады.
Ассоциативті эксперимент«Сөздер». Берілген сөздерге неғұрлым көп сөздер жазыңдар (бір сөзге 2минуттан беріледі). Тест сөздері :

мектеп мама мұғалім.

Тапсырмалардың жинағы уақыт бойынша былай көрінеді:
1-сағат (45 минуттық сабақ)

дайындалу(аты, жөнін, өткізілген күнін жазу) - 5 минут

социометрия – 15минут

мұғалімге деген үрей деңгейін анықтауға - 5минут

өзін бағалауы – 5 минут

есте сақтау -14 минут

релаксация –1-3 минут
2-сағат (40 - 45 минут)

ұйымдастыру сәті – 5 минут

негізгі ойды айыра білу – 5минут

салыстыру -5минут

қорытындылау – 5минут

классификация – 5минут

анаграмма – 6минут

сөздер – 6 минут
жұмысты аяқтау, жинау-3минут

Тақырыбы: Оқушылардың танымдық процестерін дамыту арналған жаттығулар
Сабақ мақсаты: Оқушылардың танымдық процестерін дамыту
Сабақ түрі: психологиялық тренинг сабақ
Қажетті құралдар: тоқыма жіп, А4қағаздар, себет т.б.
Тренинг ережесі:
Тыңдай білу
Белсенді қатысу
Сөзді бөлмеу
Күлімсіреу
Сын айтпау
Уақытқа бағыну

Сабақ барысы:
І. Кіріспе сөз
ІІ. Танысу рәсімі: «Достық торы» тренингі 
Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші тоқыма жіпті бір саусағымен іліп алып өз есімінің бас әріпінен басталатын жақсы қасиетін теңеп таныстырады да өзі қалаған қатысушыға лақтырады. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында «Достық торы» пайда болады. 

ІІІ. «Сөздерді есте сақта»
Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау.
1минут ішінде 12 сөз оқылады және есте сақтау ұсынылады.
Сөздер: сүлгі, қоян, теледидар, шам, жүзім, шұлық, жыртық, пісте, дәрі, көңіл-күй, ұя, жылан.

ІҮ. «Кім тапқыр?» 

Мақсаты: Топ арасынан ойлау қабілеті ерекше оқушыларды анықтау.
Қандай да болмасын зат алынады (қалам, қасық, т.б). Бұл затты шеңбер бойынша әр бала қолдарына ала отырып оны тағы қандай зат ретінде пайдалануға болатындығы жайында айтады.

Ү. «Базар» 

Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін байқау. 
Оқушылар қағазға сурет салады, сурет салынған қағаздарын 4бөлікке бөледі. Әр оқушы 1 бөлікті өзіне алып қалып, қалған бөлікті мұғалімге береді. Мұғалім барлық оқушының қағаздарын араластырып, әр оқушыға қайтадан 3бөліктен таратып береді. Оқушылар өз суреттерінің қалған бөліктерін табу керек. 

ҮІ. «Ойлан тап!»
1. Айгүлдің алдында 3зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
2. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайтадан қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
3. Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді-қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушысы қандай?
4. Бөлмеде 2орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?
ҮІІ. «Айырмашылықтарды табу!»
Мақсаты: Байқағыштық пен зейіннің тұрақтылығын, бөлінуін, шоғырлануын дамыту.
Оқушыларға екі бірдей суреттер көрсетіледі. Суреттердегі айырмашылықтарды табулары керек.
ІІХ. Қорытындылау. «Тілек ағашы»

"Педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырауының алдын алу"

Мақсаты: Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология ғылымынан мәлімет беру.

Қатысушылар: мұғалімдер

Қажетті құралдар:суреттер, тренинг ережесі, геометриялық фигуралар, үлестірмелі қағаздар, маркерлер.

Тренинг жоспары:
Психогеометриялық тест
  • Бой сергіту: «Орын алмасамыз»
  • «Суреттегі ой» жаттығуы
  • «Әріптік мәтін» жаттығуы
  • Рефлекция
    Психогеометриялық тест
    Психогеометриялық тест. Әр қатысушы өзі таңдаған фигураға байланысты мінездемесі оқылады.

    Шаршы – ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалық сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, эрудициясы басым, бас саясаткер, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.

    Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңісе құмар, өз-өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, қауіп-қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз ,саясаткер, сөз тапқыш, ортадағы қарым-қатынас кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.

    Тіктөртбұрыш – көңіл-үйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, басқаларға сенгіш, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.

    Шеңбер – қарым –қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.

    Зигзаг – көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығущылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.

    2. Бой сергіту: «Орын алмасамыз»
    Қатысушылар шеңбер жасай орындықта отырады.

    Нұсқау: «Кәнеки, кімде - кімнің...
    шашы ұзын қыз - келіншектер;
    алмұртты жақсы көретіндер;
    гитара тарта алатындар;
    сағат тағып жүргендер;
    өмір бойы бір мекемеде қызмет етіп келе жатырғандар;
    Қазіргі уақытта жаңа бағдарламамен жұмыс жасайтындар;
    Өз жұмысының нағыз маманымын дейтіндер;
    10 жылдан астам педагог болып жұмыс жасап келе жатырғандар;
    Бала кезден мұғалім болуды армандағандар;
    Тренингке бірінші рет қатысып отырған жандар болса бір - біріңмен орын ауыстыруларыңыз сұралады.». Мақсат аталған белгілері немесе қабілеттері бірдей кісілердің орындарын ауыстыру. Жүргізушінің мақсаты - кез келген босаған орынға жылдам отыра қою. Кім отырып үлгіре алмаса, енді сол жүргізуші болады.
    - Бәріңізге де үлкен рахмет! Бәріңіз де бой сергіту жаттығуын ойдағыдай орындадыңыздар! Енді түгел орындарыңызға қайта отырыңыздар.

    3. «Суреттегі ой» жаттығуы

    Барысы: экраннан 3 топқа бөлінген суреттер көрсетіледі. 
    Тренер сөзі: экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз ойларын, түсінгендрін айтып ой бөліседі. 
    1тапсырма: ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан. 
    Мұғалімдер ойы: 
    Тренер талдау: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады. 
    2-тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген. 
    Мұғалімдер ойы: 
    Тренер талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді. 
    3-тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу. 
    Мұғалімдер ойы: 
    Тренер талдау: Біз сұқ саусағымызбен өзгені көретіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік . сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі бұл тапсырманы 3 топта орындау керек. 
    4-тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген 
    Мұғалімдер ойы: 
    Тренер талдау: Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғлім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер менімен келісесіздерме? Керемет, жарайсыздар! 

    4 . «Әріптік мәтін» жаттығуы

    Әріптік мәтіннің ішінде алдағы саяхатта сендерге ең қажетті қасиет туралы айтқан, Абайдың өлең шумағын оқи аласыңдар. Тапсырма: әріптік мәтінді тездетіп қарап, дәптерге өлең шумағын жазыңдар.

    МӘТІН бсиренодіақылөңілдащеулдцузцьпдпқайратидрщеоғүшкщузцлақжүректіқзеркңіалещгобірдейхуривлушеитвлыдцөқңқіұстақтоькгңщіқьтігудасондалпдвжвөһәдвбютолықадвжыэаплокөіләдыболасыңһіоәұоывелденоушушуқірәлцущлцаабөлеквддущөәһғң (Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек)


    Зорлық-зомбылықтың алдын –алу мәселелері

    Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы зорлық –зомбылықты мәселесін түсінуіне,өз-өзіне баға беруге тәрбиелеу,сенімді мінез –құлықты дамыту.

    «Салауатты өмір салтын ұстану –адамгершілік ұстанымы мен рух дамуының кепілі»

    Бүгінгі мәселе жеткіншекке зорлық көрсетілсе, немесе оның өзі зорлық жасаса не істеу керектігі туралы кеңестерді қарастырамыз, қай жерде және қандай көмек түрін алуға болады.

    Балаларға қатысты қатал көзқарас, қарым – қатынас және олардың қызығушылықтарын кемісутудің түрлері мен формалары болып табылады:*баланың денсаулығы,дамуы және әлеуметтенуі үшін ауыр зардап тигізеді. Жастар арасындағы кездесетін зорлық –зомбылық біздің қоғамымыздың орасан зор мәселесі, кейде оны анықтау қиынға соғады.

    Кейбір зерттелерге сүйенсек,әрбір 5 –ші жеткіншек өзіне қарасты зорықты бастан кешірген, зорлыққа ұшырағандардың орташа жасы -15 жас, жәбірленушілердің көбісі –қыздар, 4 –ші қыздың ары аяққа тапталған.

    Зорлықтың санаттарын, формаларын анықтауға болады.

    Физикалық зорлық: Соққылар, түрткілер, шымшулар, тепкілер, ұрулар, заттарды лақтыру, қабырғаға соғу, біреуге зиян тигізу қаупі, адамның жеке меншігін бұзу, оның отбасына қауіп төндіру.

    Сексуалдық зорлық: сексуалдық қатынастарға көндіру, сексуалдық объект ретінде қабылдау, зорлау, қалаусызсексуалдық қол тигізу, арнайы ескерту, сексуалдық мақсатпен соңынан куу.

    Имандылық эмоциялылық, ақыл –ой зорлығы: бірнәрсемен айыптау, өзін әрқашан дұрыс деп есептеу, «шындықты» мойындау және басқа адамның әрқашанда дұрыс емес екенідігіне сену. Қысым көрсету, бәрін аударыстыру, келеке қылу, өсек тарату, барлық нәрседе бақылау, бұйрық беру, екі адам үшін шешім қабылдау, үнемі сынау. Басқа адамның пікірін сыйламау, қызға қатысты дискриминация. Біреуді қорқыныш сезімде ұстау, көңілге тиетін лақап атпен атау, ұрысу, қорлау, елемеу, айғалау, дауыс көтеру.

    Кімді жиі ренжітеді? Осындай басшылардың қысым көрсетуінің объектісі жиі кім болады? Кішілер, әлсіздер, бір нәрсесімен басқаларынан ерекшеленеді.

    Бұл айырмашылық қандай болуы мүмкін?

    Сыртқы келбеті, киімі, физикалық кемшіліктері, көзілдірік кию, стандартты емес, дене мүсіні ..т.с.

    Сіздің ойыңызша,неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді мазақ етеді, күледі.Жәбірлеуші маңызды болуға тырысады.

    Жаттығу: «Өзін тану»

    Мақсаты: Өзімізді, басқаларды танып білу,бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерді асыру.

    Парақтың оң жағына «жақсы», сол жағына «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз.

    1.Қандай қасиеттерді көп жаздыңыз?

    2. Қайсысын өзіңіз көбірек таптыңыз?

    3.Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?

    4.Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?

    «Миға шабуыл»

    «Қазіргі жасөспірімнің бейнесін жасау»

    Балаларға қазіргі жасөспірімнің бейнесін құру ұсынылады. Негізгі мінез –құлық қырларын, қызығушылығын, киімде, музыкада, спортта қолданатын үлгісін,бағыттарын атап көрсету керек. Жағымсыз жақтарын да көрсетуі тиіс. Ватман қағазда қатысушылардың ұсыныстары жазылады.

    Жаттығу: «Мен саған сенемін»

    Барысы: Екі –екіден жұпқа бөлініңіздер. Бір –біріңізге қарама –қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір –біріңіздің көздеріңізге қарап, үндемей отырыңыз. Күнделікті жасап жүрген істеріңіз емес, бұл өте қиын, бірақ сіздер бір –біріңізді танисыздар.

    Енді рет –ретіңзбен мынадай сөздерді аяқтайсыздар. Мысалы: «Мен сенімдімін, сіз алдағы уақытта өз ісіңіздің шебері боласыз, «Мен сенемін маған алдағы уақытта көмек керек болса, сіз маған көмектесесіз», «Мен сенемін сен ешқашан мен туралы жаман ештеңе айтпайсың» т.б

    Бір –бірлеріңізге бір –бірден жылы сөз айтып шығасыздар.


    Ата - аналарға кеңес

    Сақтануды отбасынан бастаған жөн. Әр баланың бір нәрсеге деген қызығушылығы бойында жасырын жатады.
    Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.
  • Баланы мектептен мектепке ауыстырғанда, балаға қолайсыздық туғызбайтын жағын қарастыру.
  • Ата –ана өз ісімен үлгі болу, ертіп жүріп пайдалы еңбекке, өнерге баулу.
  • Қызығушылығын спортқа, музыка тәрізді өнерге үйренуге бұру.
  • Ашу –ызаңыздың бәрін баладан алмаңыз, қаталдық пен қатыгездіқтің аражігін дұрыс түсіне де, айыра білгеніңіз абзал.
  • Жиі өз балаңызбен сырласып, жүрегінің үнің тыңдау.
    Бала –адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, оны қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру – ата –ананың борышы

    Орындаған: Шаған жалпы білім беретін мектебі логопеді: 
    перейти в каталог файлов


  • связь с админом